Усолка өзенінің жап-жасыл болып кетуіне қатысты әкімдік пікір білдірді
pavlodarnews.kz
Усолканы түсініксіз және сасық шырыш басты! Бұл балдырлар емес! Не болып жатыр? Неге барлығы үнсіз отыр, деп дабыл қағады жергілікті тұрғындар.
Әлеуметтік желі қолданушылары Усолка өзенінің түсі өзгергені туралы шағымданып, видео жариялады. Видеодан өзен суының көк бояуға боялғанын көруге болады, деп хабарлайды zakon.kz.
Рavlodarnews.kz бұл жағдайға қатысты Павлодар облысы бойынша экология департаментінде пікір білдіргенін хабарлады.
- Усолканы түсініксіз және сасық шырыш басты! Бұл балдырлар емес! Не болып жатыр? Неге барлығы үнсіз отыр? Біз Ертіске дейін жеттік және бірде-бір таза су бар орын болмады! Бұл қорқынышты. Камерада дұрыс көрінбейді, бірақ ашық көк, жасыл және ашық қызыл түс ... енді Усолкада шомылу немесе балық аулау мүмкін емес, - деп жазады желі қолданушыларының бірі.
Құзырлы орган жасыл түс балдырлар екенін айтады.
- Ағымдағы жылдың 7 маусымында Ертіс өзеніндегі судың беті мен Ертіс өзенінің тармағы Усолка өзенінен сынамалар алынған. Усолка шағын ауданындағы көпір маңындағы су жасыл балдырлармен ластанғаны анықталды, салдарынан судың жоғарғы қабатындағы түсі ашық жасыл түске боялған. Зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы Усолка және Ертіс өзендері суының жоғары қабатына 25 көрсеткіш бойынша зерттеулер жүргізді. Сынақ нәтижелері бойынша Усолка өзенінде ОБШ (оттегінің биологиялық шығыны) бойынша нормативтен асып кету тіркелді (0,38 мгО/дм3). Бұл су қоймасының аз көлемде ағуына байланысты көк-жасыл балдырлардың оттегін тұтынуды көбейткенін көрсетеді. Ертіс өзенінде ШЖК асып кеткені анықталған жоқ, - дейді департаменттегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript