Семейде құтқарушылар аспалы көпірдің ұшар басына шығып алған мас жігітті жерге түсірді
Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Семей қаласының құтқарушылары альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің жақтауына шығып алған ер адамды жерге түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 3 шілде күні сағат 13:06-да "112" пультіне қалалық полиция басқармасының кезекшісінен белгісіз ер адам автогуж көпірінің аспалы конструкциясына шығып алғаны жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген құтқарушылар 2001 жылғы жігіт мас күйінде көпірдің аспалы құрылымымен өрмелеп бара жатқанын анықтаған.
Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
"Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетті", деп мәлімдеді өңірлік төтенше жағдайлар депарматентінің баспасөз қызметі.
Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript