Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрлігі апатқа қатысты: Қолда бар қор еліміздегі қажеттілікті қамтамасыз етуге жеткілікті

Атыраудағы апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 20:27 Сурет: Zakon.kz
ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясы қысымының күрт төмендеуіне байланысты Атырау МӨЗ-дің Технологиялық және қосалқы нысандары апатты жағдайда жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апаттық жағдайларды жою және оқшаулау жоспарларының талаптарына сәйкес нысандар өз жұмысын тоқтатып, технологиялық газ алау қондырғыларына жіберілген. 

"Электр энергиясы қысымының күрт төмендеуінің себептері анықталып жатыр, қосымша ақпарат кейін ұсынылады. Бұл ретте Шымкент МӨЗ жұмыс істеп жатқанын еске саламыз. Алайда мұнда белгілі бір себептерге байланысты АИ-95 маркалы жанар-жағармай шектеулі көлемде өндірілуде. Жанар-жағармай қоры Шымкент, сондай-ақ Павлодар МӨЗ-дегі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанша еліміздегі қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ете алады". ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі


Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта елдегі ЖЖМ-ның (мұнай базаларындағы, жолдағы және резервуарлардағы) жиынтық қорлары:

  • автобензин АИ-92 – 351 мың тонна, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін жабуға жеткілікті;
  • Аи-95 – 46 мың тонна (15 тәулік);
  • дизель отыны – 520 мың тонна (29 тәулік).


 "Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтан дақпырт тудырмауды сұраймыз", делінген ведомство хабарламасында.

 

Айта кетсек, бүгін кешке Атырау қаласының тең жартысы жарықсыз қалған болатын. Апатты жағдайға байланысты АМӨЗ басшылығы да өз нысанының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: