Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрлігі Қазақстанда бензин қоры қанша қалғанын айтты

ҚР Энергетика министрлігі, Қазақстандағы бензин қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2023 14:18 Сурет: Zakon.kz
ҚР Энергетика министрлігі автобензиндер бойынша қазіргі жағдайды баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі уақытта Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ қалыпты пайдалану режимінде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Мұнай базаларындағы, жолдағы, МӨЗ-дегі және АИ-95 "премиалды" автобензинінің импорты көлемдерінің жиынтық қоры 36,5 мың тонна, (елдің 12 күндік қажеттілігі) ал АИ-92 – 257,1 мың тонна (18 күн) ".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, АИ-92 автобензинінің шекті бағасы бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты 205 теңге/литрден аспауға тиіс. АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының "пистолетінен" шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі АИ-95+ автобензиніне демалыс кезеңін және сұраныстың артуын ескере отырып, АЖҚС ірі желілеріне (QazaqOil, Helios, Sinooil, Газпромнефть, Gasenergy) импорттау мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.

"Павлодар облысына келетін болсақ, АЖҚС ірі желілері бойынша (QazaqOil, Helios, Sinooil, ГазПром, GasEnergy) еркін сатылатын отын, жазғы демалыс кезеңіне және тұтынудың артуына байланысты шектеулер болуы мүмкін. 2023 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында мұнай базаларында және жолда 0,8 мың тонна АИ-95 немесе 8 тәулікке жететін, Аи-92 – 4,1 мың тонна немесе 9 тәулікке жететін көлемдері бар", делінген хабарламада.

Ведомство жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар МӨЗ іске қосылса, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаятынын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: