Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірген әскери қызметкер сотталды

Қаңтар бүлігі, Жансейіт Түймебаев, әскери қызметкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 15:19 Сурет: pixabay
Алматының әскери соты қаңтардағы бүлік кезінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының ұлына оқ атқан әскери қызметкерге үкім шығарды. Zakon.kz тілшісі сотқа қатысып, оның қандай жазаға кесілгенін біліп келді.

4 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот процесі аяқталды. Ол қаңтардағы бүлік кезінде қайтыс болған еді.

Судья Ерлан Ыбырайымов Талдықорғандағы десанттық-шабуылдау бригадасының 33 жастағы сарбазы  Серікбол Мұратхановқа үкім шығарды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 451-бабының 2-бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша айып тағылды.  

"Сотталушы өз кінәсін мойындамағанымен, оның кінәсі дәлелденді.Оған іс материалдары дәлел. Бұл әрекет ауыр деп танылып, тек бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Мен Мұратхановтың бұрын сотталмағаны, жұмысы берген мінездеме сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескердім. Серікбол Мұратханов тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деп үкімді оқыды судья Ерлан Ибраимов.

Серікбол Мұратхановтың туыстары мен адвокаттары үкіммен келіспейді. Олар қарсы шағым түсіруге ниетті. Сотталушының қорғаушылары қаңтардағы бүлік кезінде әскери қызметкер халқын қорғағанына, бірақ әділетсіз сотталғанына сенімді.

"Біз сот үкімімен толықтай келіспейміз, өйткені қорғауымдағы адамның кінәсі дәлелденбеген. Өйткені адвокаттар тарапынан біз барлығымыз оның кінәсі жоқ екенін, тіпті қылмыс құрамы да жоқ екенін дәлелдедік. Әділдік іздеуді жалғастарырамыз", – деді заңгер Бағдат Жақсылықов.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болды. Ол кешке коменданттық сағат басталмай тұрып, достарымен бірге көлікпен азық-түлік алуға бара жатқанда, әскерилер көлікке оқ жаудырған. Күдікті 2022 жылғы 21 қазанда қамауға алынды.

Жәбірленуші тарап көліктен 11 оқ ізін тапқан. Жәбірленушілердің оқиға орнында телефонға түсірілген бейнежазбалар істің көптеген мән-жайын түсінуге көмектесті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: