Оралдық оқушының зорланғаны туралы істе бесінші күдікті пайда болды
Сурет: Zakon.kz
Оралда 13 жастағы оқушы қыз зорланған еді. Соған қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Дәлірек тағы бір бесінші күдікті пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер "Астана" телеарнасына оның ересек, жас жігіт екенін айтты. Тергеушілер қылмыс болған пәтерді дәл сол кісі жалдаған деп есептейді. Қазір ол қамауға алынды.
"Осы 4 айыпталушының ішінде кәмелетке толмаған қызды зорлаған тағы бір адам бар екені анықталды. Ол да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот шешімімен қамауға алынды. 5-сотталушы кәмелетке толған".Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Виктор Котельников
Оқиға 12 маусымда, яғни 9-сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні болған. 16 және 17 жастағы жасөспірімдер 13 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Тергеушілердің мәліметінше, олар қызды пәтерге алаяқтықпен кіргізген. Егер ұлдардың кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript