Атырау облысындағы табиғи резерваттағы өрт 830 гектар аумақты шарпыды
Сурет: Zakon.kz
Атырау облысындағы "Ақжайық" табиғи резерватындағы өрт қазірдің өзінде 830 гектарды шарпыған. Сулы-батпақты жерлер өртті сөндіруді қиындатып отыр, бұл іске 97 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысында "Ақжайық" табиғи резерватында болған ірі қамыс өрті әлі де сөндіріліп жатыр, деп хабарлады 10 шілдеде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, қазір өрт сөндірушілер қамыстың 80 пайызын сөндірді. Облыс әкімі Серік Шәпкенов тікұшақпен резерват аумағын айналып өтіп, өрттен зардап шеккен аумақтарды аралады.
"Бүгінгі күні қамыстағы өрт алқабы 830 гектарға жетті. Жер бедері батпақты болғандықтан оны сөндіру қиынға соғып жатыр. Әуеден визуалды барлаудың қорытындысы бойынша ашық өрттер табылған жоқ. Кей жерлерде қамыс бықсып жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде", – делінген хабарламада.
9 шілде күні сағат 15:20-дағы жағдай бойынша "Қазавиақұтқару" тікұшағы өртке 36 рет су төккен. Өртті сөндіруге барлығы 204 тонна су жұмсалып, 97 адам мен 15 техника жұмылдырылды.
"Өртпен күрес мәселесін шешу үшін арнайы техника сатып алуға "Ақжайық" табиғи резерватына республикалық бюджеттен 285 миллион теңге бөлінді", – дейді ТЖД өкілдері.
9 шілдеде сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, Атырау облысындағы қамысты алқаптың қызыл жалын шарпыған ауданы 690 гектар болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript