Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді – ТЖМ
Алматы облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, өрттің нақты ауданын уәкілетті мемлекеттік органдардың комиссиясы айқындайды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, 6 шілдеде сағат 21.00-де Алматы облысы ТЖД Қараой ауылдық округінде "Іле-Балқаш" МТР" РММ аумағында жетуі қиын, батпақты, жолсыз жерлерде, кей жерлерде жол жоқ жерлерде қамыс жанғаны туралы хабарлама келіп түскен еді.
Өрт орнына келгеннен кейін қамыс өрті екі кордон аумағында болғаны анықталды. 26 адам және 13 бірлік техниканың күшімен, оның ішінде "Іле-Балқаш" МТР" РММ және Алматы облысы ТЖ департаментінің мотопомпалары, жүзу құралдары пайдалана отырып, барлық жану ошақтарын сөндіру бойынша жұмыс жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. "Іле-Балқаш" РММ-нің күштері мен құралдары қарауылдауға қалды.