Жаңалықтар тізбегі
0

Өрт сөндірушілер Іле-Балқаш резерватындағы өртпен осымен сегізінші тәулік алысып жатыр

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 17:27 Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
22 маусымда Алматы облысында Іле-Балқаш резерватының аумағында өрт шықты. Сегізінші тәулікте (30 маусым сағат 11:00 жағдай бойынша) өрт сөндірушілер мен ЖАО-ның бірлескен күшімен өрт аумағын 30 гектарға дейін қысқарту мүмкін болды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Техника мен адамның жетуі қиын батпақты жер болғандықтан өртті сөндіруде белгілі бір қиындықтар туындауда. 

"Жылдар бойы қамыс тамыры 1,5 метрге дейін тереңдеп, топырақ астында көн болып қатуы да өрт сөндіру кезінде қиындық туғызуда. Атап айтқанда, көктен су төккен соң өрт сөнгенімен, топырақ астындағысы бықсып, қайта оттың тұтануына түрткі болуда. Осыған байланысты оқиға орнына "Н-125 Қазавиаорманкүзеті" авиатехникасының көмегімен десанттар жеткізіліп, олар мотопомпалар мен шанц аспаптарын пайдалана отырып, солтүстік жақта жер үсті тәсілімен өртті сөндіруде". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Бақанас орман шаруашылығы учаскелеріне өрттің өтуін болдырмас үшін орман шаруашылығы қызметкерлері жер жырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

"Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД және "Іле-Балқаш" РММ-ның, орман шаруашылығының 80 адамы мен 22 техникасы жұмылдырылды.


Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +27 С, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3 м/с.

25 маусымда Іле-Балқаш резерватының аумағындағы өрттің ауданы 150 гектарды құрағаны хабарланған болатын, ҚР ТЖМ деректері бойынша бастапқыда 6 200 гектар жер өртеніп, оның 6 050-і сөндірілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: