Ерекше операция: Алматы облысында құтқарушылар баланың саусағын босатып алды

Ерекше операция: Алматы облысында құтқарушылар баланың саусағын босатып алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 10:59 Сурет: ҚР ТЖМ
Алматы облысының Көксай ауылында Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 10 жасар қыздың қолын аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 10 шілде күні түс ауа болған.

"10 жасар қыз абайсызда көлік пен тіркеменің арасындағы темір қосқышқа қолын қысып алған. Саусағы шықпай қалып, бірден қатты ісе бастаған".ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар дер кезінде арнайы кескіш құралдардың көмегімен қысылып қалған саусақты шығаруға жеткен.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары ата-аналарды балаларын қадағалауға шақырады", - делінген хабарламада.

30 мамыр күні Павлодарда кір жуғыш машинадан төрт жасар қыз құтқарылды. Қыздың жағдайы жақсы. Ата-аналармен сұхбат жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: