Алматыда құбыр жүргізу кезінде апат болып, адамдар мен көліктер балшыққа бөгіп қалды
Сурет: Facebook/Андрей Андреев
Алматыда су құбырының жарылуы салдарынан адамдар да, машиналар да балшыққа бөгіп қалды. Аталған жайтқа қатысты Түрксіб ауданының әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде балшыққа бөккен адамдар мен көліктердің суреттері жарияланды.
Оқыс оқиға Алматы қаласынағы әуежай маңында болған.
Түрксіб ауданы әкімдігінің аппараты аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Алматы халықаралық әуежайының тапсырысы бойынша аталған учаскеде жекеменшік компания су құбырын жүргізіп жатқан. Біздің қызметкерлер оқиға орнына аттанды, мердігерлік ұйым апатты жою жұмыстарын қолға алды", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, "тапсырыс берушінің ақпараты бойынша" мердігер ұйым апат салдарынан келтірілген залалды өтеуге дайын екендігі де нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript