Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте адам өлтіруге оқталған күдікті іздестіріліп жатыр

Шымкент полиция департаменті, іздеу, кісі өлтіруге оқталу, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 12:01 Сурет: polisia.kz
2023 жылғы 13 шілдеде Шымкент полициясы Қазақстан халқынан екі жылдан бері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні табуға көмектесуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, Еңбекші аудандық полиция бөлімі 1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жариялаған.

Шымкент полиция департаменті, іздеу, кісі өлтіруге оқталу, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 12:01

Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

"Ол 2021 жылы 24 қараша сағат 20:00 шамасында Күншығыс мөлтек ауданы №3 үй жанында жергілікті азаматты бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан ізін суытқан. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 24-99-бабы 1-бабы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша тіркелді".Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Ер адам тергеу мен соттан бой тасалап тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткені анықталды.

2021 жылы Бағлан Тойшыбекке қатысты екі рет іздеу жарияланды, олардың бірі – халықаралық іздеу.

"Суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе ( 8-771-671-56-63 ) 57-27-42 , 51-22-01 , 57-27-60 , 57-01-02 , факс: 57-03-41 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз".Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

10 шілде күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 51 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: