Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында кәріз құдығынан екі жұмысшының денесі табылды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2023 21:25 Сурет: pixabay
13 шілдеде таңертең Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон территориясында екі жұмысшының денесі табылды. Марқұмдардың "Жылыой су" ЖШС жұмысшылары екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде "Жылыой су" мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапқаны анықталды. Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында осы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

"Жұмысшылардың құдыққа құлап кеткені туралы жергілікті тұрғыннан хабар сағат 9:42-де келіп түсті. Жөндеу жүргізу кезінде тереңдігі шамамен 7-8 метр болатын кәріз құдығына екі жұмысшының құлап мерт болғаны анықталды", деп хабарлайды жергілікті кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Мой город" басылымы.

Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Өтешовтің айтуынша, әу баста, жөндеу жұмысына негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған.

"Жылыой Су" мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: