Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысы ТЖД: Қосшыда өртенген пәтерден төрт бала құтқарылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 14:24 Сурет: Zakon.kz
Қосшы қаласында "Нұрай" тұрғын кешеніндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде төртінші қабат өртенгенін Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"15 шілдеде сағат 22:15-те Қосшы қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы - 16 шаршы метр. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында төрт бала өрттен құтқарылды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Өрт орнына Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД-ның жеке құрамынан 11 адам және 4 бірлік техника мен ЖАО өрт сөндіру бекеті шықты". Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ екені нақтыланады.

Айта кетсек, Ақмола облысы полиция департаменті аталған тұрғын үйдің үш подъезіндегі адамдар эвакуацияланғанын, 10 адам елордадағы қонақ үйлердің біріне орналастырылғанын хабарлаған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: