Катонқарағайдағы Берел орманшылығының аумағындағы өрт сөндіріліп жатыр

Катонқарағайдағы Берел орманшылығының аумағындағы өрт сөндіріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 20:06 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Катонқарағай ауданында Берел орманшылығының аумағындағы жартасты, таулы, жетуі қиын жерлерде өрт болған. Оны сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

1700 метрден астам биіктегі 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыған. Орманшылар мен өрт сөндірушілер атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен өрт орнына жеткен.


"Қазавиаорманқорғау МИ-2 тікұшағы әуеден жағдайды үнемі қадағалап отырады. Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет көлемі 50 тоннаға жуық су төкті. 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ өртті сөндіруді жалғастырып жатыр", - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: