Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық бикеш жаңа танысының қомақты қаражатын қолды қылған

Полиция заң бұзған адамды ұстады Сурет: ҚР ІІМ
Елорда тұрғыны Байқоңыр ауданының полиция басқармасына қаладағы дәмхананың бірінде қалта әмиянынан 240 мың теңге ақшасын жасырын түрде ұрлатқаны туралы арызданған.

Қылмыстық іс бойынша оқиға орнына бірден барған тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында бейнекамерадағы айғақтарды негізге ала отырып, М. есімді бикешті күдікті деп тапқан. Тергеу барысында белгілі болғандай, жәбірленушінің айтуынша, дәмханада тамақтанып отырғанда қасына екі бойжеткен келіп, танысып, отырысты бірге жалғастырған.

Артынан бір бикешті биге шақырып, екеуі билеуге кеткенде екінші құрбысы орындықта қалған әмияннан қомақты қаражатты жұмқырған. Ол әрекеттер бейнекамераға түсіп қалған. Осылайша, жәбірленушіге 240 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Аталған іс бойынша жәбірленуші тарапынан көрсетілген дәлелдемелер мен болған оқиғаны анық түсіріп тұрған бейнебаяндағы айғақтар күдіктінің кінәсін бұлтартпай мойындауына негіз болды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: