Көкшетауда мектеп ауласында бір қыз асылып қалған

Көкшетаудағы 16-орта мектептің аумағынан 19 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, марқұм мектеп қызметкері емес. Ол қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істейтін.
"Қыз асылып өлді. Оқиға орнына Көкшетау қалалық ІІД жедел-тергеу тобы шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр".Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін мамыр айында Көкшетауда колледж студенті нашар баға алып, өзіне қол жұмсаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript