Құтқарушылар Алматы облысындағы 140-қа жуық ауланың суын сорды

Құтқарушылар Алматы облысындағы 140-қа жуық ауланың суын сорды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2023 00:40 Сурет: Алматы облысы ТЖД
Шиен ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының күштері және құралдарымен өрт сөндірушілер әскери бөлімінің әскери қызметкерлерімен бірлесіп, жеке тұрғын үйлердің 138 ауласынан, 10 тұрғын үйдің жертөлесінен су сорды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақта жағдай тұрақты.

"Қазір Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 37 текше метр болып отыр. Гидротехникалық құрылыстың өткізу қабілеті - секундына 70,5 текше метр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысында күшті сел жүргені хабарланған еді. Кейін құтқарушылар нөсердің аймақтағы жойқын зардабы туралы айтты. Кейін сол Талғар тау өзенінде жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілгені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: