Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада рұқсат етілмеген суға түскен екі адам менингитке шалдыққан

Астанада рұқсат етілмеген суға түскен екі адам менингитке шалдыққан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 15:11 Сурет: Астана әкімдігі
Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова субұрқақтар мен белгісіз жерлерде неге шомылуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сархат Бейсенова Астанада суға түсу маусымы басталғалы белгісіз жерлерде шомылғаннан кейін серозды менингит жұқтырған екі жағдай анықталғанын айтты. Оның айтуынша, субұрқақтар мен суға түсуге арналмаған орындарда шомылу кезінде адам энтеровирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін.

"Жылы кезеңнің басталуымен энтеровирусты инфекциямен сырқаттанушылық өсті. Былтырғымен салыстырғанда аурушаңдық 19% артып, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 2022 жылғы 43,1-ге қарсы 53,2 болды. Бұл инфекцияға 4 жасқа дейінгі балалар көбірек бейім", - деді Сархат Бейсенова.

Кейін Астананың бас санитар дәрігері энтеровирустың жылы судың бетінде көбейетінін қосты.

"Жаз мезгілінде тек рұқсат етілген орындар мен бассейндерде суға шомылуға болатынын, басқа ешбір жағдайда субұрқақтарға түсуге болмайтынын түсіндіреміз. Бірқатар вирустық инфекциялар, әсіресе энтеровирустар ашық су айдындары мен субұрқақтарда тез көбейе бастайды. Белгіленбеген жерлерде шомылу кезінде бұл вирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сонымен қатар басқа да вирустық инфекциялар, атит А сияқты инфекцияларды жұқтыру қаупі бар", - деп ескертті Сархат Бейсенова.

Астананың бас санитар дәрігері қала тұрғындарына субұрқақтарға шомылмауға және ешбір жағдайда ол жерден су ішпеуге кеңес берді. Оның айтуынша, жүзу үшін тек рұқсат етілген су қоймалары мен бассейндерді пайдалану керек. Бұған дейін Сархат Бейсенова қарбыз мен қауынды қайдан сатып алуға болмайтынын да айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: