Антикор БҚО әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының ұсталғанын жоққа шығарды

Антикор БҚО әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының ұсталғанын жоққа шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 17:59 Сурет: Zakon.kz
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және Тelegram-дағы арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ. Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпарат Антикордың ресми сайтында және Тelegram-арнасында жарияланады. Азаматтардан ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: