Алматы облысында қызымен ренжісіп қалған жігіт үлкен айналма автожолдың көпірінен секірмек болды
Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Үлкен Алматы айналма жолында бір жігіт қызға бола көпірден секірмек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға сағат 12:30 шамасында Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылының маңындағы автожолда болған. 1990 жылы туған ер адам тас жолдағы көпірден секіруге бел буған. Оқиға орнына дереу Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен техникасы жөнелтілді.
"Құтқарушылар сағат 12:45-те оқиға орнына жеткенде ол жерде полиция қызметкерлері ер адамды сөзге тартып тұр екен. Келіссөздер оң нәтиже беріп, ер адам көпірдің тіреуішінен бері қарай өтті. Оған еш қауіп төнген жоқ", – деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызымен ұрсысып қалғандықтан көпірден секірмек болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript