Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысының тұрғынынан киік мүйіздері мен тіркелмеген 5 қару тәркіленді

Қарағанды облысының тұрғынынан киік мүйіздері мен тіркелмеген 5 қару тәркіленді , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 17:01 Сурет: ҚР ІІМ
24 шілде күні Нұра аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметіне қарасты табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері "Охотзоопром" қызметкерлерімен бірлесіп "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында 34 жастағы ауыл тұрғынының жылқы баптаумен айналысатын шаруашылықтың малшысы тұратын үйіне назар аударды.

Оны тексеру барысында полиция қызметкерлері бес дана киік мүйізін тәркіледі. Малшы киік мүйіздерін жайылымнан тауып алғанын айтты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары малшы тұратын вагоннан тіркелмеген 5 қару тәркіледі.

Алынған қаруларға сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: