Алматы облысындағы сауда орталығында кішкентай қызды тепкен шетелдік азамат қамауға алынды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Қарасай ауданының тергеу соты сауда орталықтарының бірінде төрт жасар сәбиді тепкен Түркия азаматына қатысты бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 шілде күні таңертең Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бір күн бұрын Түркия азаматы екі айға дейінгі тергеу кезінде қамауға алынғанын айтты. Күдіктіге мұндай бұлтартпау шарасын Қарасай ауданының тергеу соты таңдады.
Іс "Бұзақылық" бабы бойынша тергеліп жатыр.
23 шілде күні сауда орталықтарының бірінде белгісіз ер адам баланы тепкен соң қыздың анасы полицияға арыз жазған. Қызды тура мағынада лақтырып жіберген. Оқиға БАҚ-та тарап кеткен видеоға түсіп қалған.
25 шілдеде Түркия елшілігі өкініш білдіріп, баланың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript