Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда автогаз құю бекетіндегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Екібастұз, жанар-жағармай бекетіндегі жарылыс, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2023 20:25 Сурет: Павдолар облысы ТЖД
Екібастұзда жас жігіттің өмірін қиған жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 281-бабының 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) және 292-баптың 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық істер қозғалды", – деп хабарлады қала әкімдігі.

Бұған қоса қала әкімдігінің қаулысымен 23 жанармай құю, 11 газ құю стансасының қызметін бақылау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Оған Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етеді.

Жұмыс тобының құрамына Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, жергілікті полиция қызметінің басшысы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, сәулет, мемлекеттік кірістер және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары кірді.

Жұмыс тобы бүгіннен бастап іске кірісіп кетті.

2023 жылғы 26 ​​шілде күні сағат 13:24-те Екібастұздағы жанармай құю бекетінде газ құйылған төрт резервуар өртенді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт жақын маңдағы азық-түлік дүкенін шарпыған. Сондай-ақ су мұнарасының төбесі жанған. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас жігіттің мәйіті табылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: