ҚР ҰҚК: "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының директоры ұсталды

Абай облысы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалы, парақорлық, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2023 18:13 Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Абай облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шенеунік 2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен ұсталған.

"Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: