Суға түсу маусымы басталғалы Шығыс Қазақстан облысында алты адам суға кеткен

ШҚО ТЖД, суда жүзу ережесі, суға батқан адамдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2023 16:56 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында суға түсу маусымы басталғалы алты адам суға батып кеткен. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті суға түсу ережесін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қайғылы оқиғаның бәрі суға түсуге арнайы жабдықталмаған орындарда болған", - дейді ШҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Суға түсу маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты түрде профилактикалық рейдтер жүргізіп келеді. Патрульдеу кезінде құтқарушылар жеті адамға көмектескен.

"Полициямен бірлесіп 76 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы суды пайдалану ережелерін бұзған 26 тұлғаға ескерту жасалды, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған алты азамат ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша жауапқа тартылды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар облыс тұрғындарын судағы өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: