Астанада суға түсу маусымы қашан басталады

Астана, шомылу маусымы, су, жаз, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 13:22 Сурет: Zakon.kz
Брифингте Төтенше жағдайлар департаментінің елордалық азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов шомылу маусымы басталар алдында суға түсу ережелерін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Азамат Құсайынов елордада төрт аймақта – орталық жағажайда, "Три пескаря", "Столичный двор" демалыс орындарында және Бейсеков көпірінің жанындағы алаңда суға ресми түрде рұқсат етілгенін айтты.

Елордалық құтқарушылар, оның айтуынша, шомылу маусымының басталуына дайындықты бастап кеткен: су қоймаларының маңында ескерту белгілерін орнатып, қатар қала мектептерінде дәрістер оқып жатыр.
"Суға шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда басталады. Арнайы жабдықталған орындарда, бассейндерде, құтқарушылар бар жағажайларда шомылу керек. Дені сау адамдардың қауіпсіз шомылуы үшін судың төменгі температурасы +18, ал ауа температурасы кем дегенде +23 болуы керек. Бірақ балалар мен науқастар үшін мұндай шомылу температурасы денсаулық пен өмірге қауіпті", – деді спикер.

Сондай-ақ ол статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 80% жағдайда адамдар мас күйінде, сондай-ақ жабдықталмаған және бейтаныс жерлерде шомылу салдарынан суға батып кететінін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: