Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісі жойылды

Есірткі таратқандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 17:00 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылғы 30 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы аумағында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында психотроптық заттарды әзірлеу үшін және оны одан әрі ТМД елдерінде сату мақсатымен Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды анықтады.

Тінту барысында 100 келіге жуық "а-PVP" психотроптық заты, прекурсорлар, сонымен қатар синтетикалық есірткі өндірісіне арналған заманауи құрылығы табылып, тәркіленді. Цех 0.5 гектар аумақты алатын жерде орналасқан. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: