СҚО аумағындағы көлдердің бірінде балық жаппай қырылып қалды
Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Питное көлінде жүз келіге жуық өлі балық табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы экология департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына Есіл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері шықты, деп жазды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.
"Көлдің жағасы тексерілді. Көзбен шолу кезінде шамамен 100 келі көлемінде алабұға мен мөңке балықтары қырылғаны анықталды. Су сынамалары мен балық өлекселері зертханалық талдауға алынды". Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі
Питное көлі қарайтын Кладбинка ауылдық округінің әкімдігі өлген балықты жинап,жою жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлады экология департаменті.
Балықтың жаппай қырылу себебі барлық қажетті сынақтар жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript