Тараздағы фосфор зауытындағы жарылыс: Арнайы комиссия құрылды

3 тамызда Таразда фосфор зауытында жарылыс болып, жұмысшылар химиялық күйік алғаны белгілі. Осы оқыс оқиғаға байланысты "Қазфосфат" ЖШС түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылдың 3 тамызында шамамен 11-30-да "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" ЖШС Жамбыл филиалында № 7 "Сары фосфорды өңдеу" цехында, сары фосфор қоймасының территориясында № 7 цехтың қара жұмысшысы Орманов Данияр және № 31 шикізат дайындау цехының аға инженері Қалдыбай Шахадияр химиялық күйік алды. Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жұмыс кілт тоқтатылып, оқиға орны қоршалды". "Қазфосфат" ЖШС баспасөз қызметі
Жазатайым оқиға туралы мына құзырлы органдарға хабар берілді:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің "Еңбек инспекциясы" КММ;
2. ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті;
3. Жамбыл аудандық ПБ;
4. Тараз қаласының әкімдігі.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын комиссия құрылып, тергеу қолға алынды. Жазатайым оқиғаның алдын ала себебі - қауіпсіздік ережелерін сақтамау. "Фосфор зауыты" ЖШС ЖФ өкілдері зардап шеккендермен тұрақты негізде байланыста. Қазіргі уақытта денесінің 22%-ы күйік шалған Орманов Данияр жансақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты. Денесінің 15%-ы күйік шалған Қалдыбай Шахадияр жалпы палатаға орналастырылған, жағдайы - қанағаттанарлық деңгейде". "Қазфосфат" ЖШС баспасөз қызметі
"ЖЖФЗ" ЖШС ЖФ "Фосфор зауыты" зардап шеккен қызметкерлерге қажетті көмек беретіні де нақтыланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript