Жаңалықтар тізбегі
0

Фосфор зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 18:49 Сурет: Zakon.kz
3 тамызда "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" ЖШС территориясында болған жарылыс фактісі бойынша құқық қорғау органы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жамбылдағы фосфор зауытында болған жарылыс фактісі бойынша құқық қорғау органдары ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеді. Еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп алғашқы тергеу әрекеттері қолға алынды. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жатқызылды". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу барысы ерекше бақылауға алынғаны да нақтыланады.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Тараздағы фосфор зауытында болған жарылыстың видеосы тарады. Кейіннен оқыс оқиғанын болғанын Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі растады. "Қазфосфат" ЖШС аталған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: