Атырау облысында лагерьге бара жатып пойызда қайтыс болған бала өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Zakon.kz
Атырау облысының білім басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, осы қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеретін комиссия құрды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, топтың өз тамағы болған.
"Қазіргі уақытта баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді, қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Атырау облысының білім басқармасынан.
Білім басқармасы қайтыс болған баланың отбасына барлық қажет көмекті көрсететін болды.
7 тамызда Атырау – Астрахань пойызында 2010 жылы туған бала көз жұмды. 77 адамнан тұратын топ (төрт жетекші, 73 бала) "Атырау – Астрахань" бағытымен "Қазақстан геологы" санаторийіне (Железноводск) кетіп бара жатқан. Жолға шыққаннан кейін 1,5 сағаттан кейін балалардың бірі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақыртылған, ол пойызды Нарын станциясында күтіп алған. Баланы қараған дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript