Жақтауда темекі шегіп отырған: Қостанай облысында 16 жастағы оқушы қыз терезеден құлап кетті

Қостанай, терезе, қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 12:09 Сурет: freepik
Жітіқарда 16 жастағы қыз терезе жақтауында темекі шегіп отырып, бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 шілде күні сағат 02:40-та облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне Жітіқар қаласындағы №9 орта мектепке қарама-қарсы орналасқан қараусыз қалған амбулатория ғимаратының бесінші қабатының терезесінен 2007 жылы туған қыз құлап кеткені туралы ақпарат түскен.
"Жәбірленуші терезенің алдында темекі шегіп отырған, сонан соң басы айналып, төмен қарай құлап кеткен", – деп хабарлады ТЖД.

Бойжеткен бел омыртқасының және қабырғасының сынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды.


Бұған дейін Қостанайда 13 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен еді. Ол түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: