Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары қоқысқа бата жаздап отыр
Сурет: Zakon.kz
Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғындары коммуналдық қызметтердің қоқыс жинау жұмысына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қоқыс жәшіктері тынымсыз толып, одан жаздың аптап ыстығында сасық иіс шығып, бүкіл ауданға тарайтын көрінеді. Мұндай шағымды Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылының тұрғындары айтып отыр.
"Халық қоқыс дер кезінде, яғни контейнерлер толғаннан кейін бірден шығарылса дейді. Біздің ауылға қызмет көрсететін серіктестік мұны істемейді. Көп аулада қазір жағдай осындай", - дейді жергілікті тұрғын Ирина Мамедова.
"Тазалық" АЖ сервистік серіктестігі қоқыс күнде шығарылатынын, бірақ ауылдың кей қоқыс жәшіктері тұрғындардың көп бөлігіне арналмағанын айтты.
"Контейнерлер КСРО кезінде бір қоқыс жәшігіне үй көп болмаған кезде орнатылған. Күнделікті таңғы 6-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейміз. Жексенбі демалыс. Бұл қалдықтардың барлығы демалыс күндері жиналады деп айта аламын. Жағдай көрші ауылдардан да қоқыс әкелетіндіктен қиындап кетті", - дейді "Тазалық" қоқыс шығару учаскесінің басшысы Бақытжан Жолдыбеков.
Серіктестік 2019 жылдан бері ауылдан қоқыс шығарумен айналысады. Олар айына 35 000 адамға қызмет көрсетеді. Ал бір адам қоқыстың шығарылуына айына 450 теңге төлейді.
Олардың мәселені қалай шешетіні әзірге белгісіз. Мердігерлер жұмысын бұрынғы режимде жалғастырып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript