Шымкентте қараусыз екі бала суару каналына құлап, суға батқан

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 19:57 Сурет: pixabay
8 тамызда Шымкентте Қаратау ауданындағы саяжайға арналған суару каналынан 2 жасар баланың денесі табылды. Тереңдігі 50 см, ені 1,5 метр болатын суару каналына құлап, тұншыққан бала қараусыз жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тағы бір жазатайым оқиға 7 тамызда Абай ауданының Алматы тасжолы бойында орын алған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Көшеден өтіп бара жатқан адамдар қалалық тазарту жүйесінен бір жастағы қыздың денесін көріп қалған. Тазарту жүйесінің тереңдігі - 40 см, ені - 1 метр.

Өңірлік төтеншеліктер бұл жағдайда да баланың ата-анасының қарауынсыз болғанын нақтылайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: