Жаңалықтар тізбегі
0

"Ulytau zhastary" бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

"Ulytau shastary" бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 12:02 Сурет: "Ulytau shastary"
Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жеңілдетілген бағдарлама бойынша жастарға арналған «Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы жүргізілуде.

Бұл бағдарлама 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) облыс тұрғындарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.

Жоспар аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы жеңілдетілген несие беру үшін облыстық бюджеттен – 500 млн. теңге қарастырылып, «Отбасы банкі» АҚ қосымша 250 млн. теңге бөлді. Бұл жобаны 2026 жылға дейін іске асыру жоспарлануда.

Бірінші ағымда бағдарламамен үй алуға барлығы 75 өтінім түскен. Өтінімдерді мәслихат депутаттары, қоғам белсенділерінен тұратын арнайы комиссия қарап, бағдарлама талаптарына сай келетін 69 өтінім іріктеп алынды. Отбасылы жас мамандарға, сондай-ақ, әлеуметтік осал санаттағы үміткерлерге баса назар аударылған. Биыл бағдарлама аясында мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет және спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері, жоғары оқу орындары оқытушылары мен ғылыми қызметкерлер қамтылып отыр. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 5 пайыз, мерзімі – 20 жылға дейін және 10 пайыздық бастапқы жарнаның болу шарты негізінде беріліп отыр. Бүгінгі таңда 27 жас маман 10 млн-нан 20-ға дейін төмендетілген несие алды.

Шілде айында құжаттарды қабылдауға қосымша қабылдау жарияланған болатын, оның қорытындысы бойынша 23 өтініш қабылданды. Бүгінгі таңда мақұлданған өтінімдер саны – 10. Қатысушылар тарапынан тұрғын үйді рәсімдеу процесі жүріп жатыр.

Жыл соңына дейін 40-тан астам жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ұлытау облысының жас мамандарын кредиттеуге объектілері Ұлытау облысында орналасқан келесі қызмет салалары қатысты:

  1. Денсаулық сақтау - Ұлытау облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың штаттық қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
  2. Білім беру - Ұлытау облысында орналасқан білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КЕАҚ) педагог қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
  3. Мәдениет - Ұлытау облысында тіркелген мемлекеттік мәдени ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КЕАҚ) бейінді қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда) ;
  4. Спорт – Ұлытау облысында тіркелген мемлекеттік ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
  5. БАҚ - атап айтқанда: мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Ұлытау облысында орналасқан БАҚ-та (есепке қою туралы куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің) штаттық қызметкерлері;
  6. ЖОО - атап айтқанда: Ұлытау облысында тіркелген жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда);
  7. Әлеуметтік сала - Ұлытау облысында тіркелген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен АҚ және КЕАҚ) штаттық қызметкерлері (техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда).

«Ulytau zhastary» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Қатысушының жасы өтініш берген кезде 35 жастан (қоса алғанда) аспауға тиіс;

2. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;

3. Таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі-зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлей отырып, кемінде үздіксіз соңғы 1 жыл;

4. Бағдарламаға қатысушы Ұлытау облысында кемінде соңғы 1 жыл үздіксіз тұрақты тіркелуінің болуы;

5. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Ең көп балл жинағандар (некеде тұрған жылдар саны, балаларының болуы, жұмыс өтілі және т.б.) қатысушының несие төлеу қабілеттілігін айқындау үшін «Отбасы банк» АҚ-ға жіберіледі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: