Жаңалықтар тізбегі
0

Қаралы қаңтар кезіндегі 4 жасар қыздың өлімі: қыздың әкесі сот залына кіргізілмеді

Қаңтар оқиғасы, сот, атыс, қыз өлімі, Алматы горнизоны, әскери сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 12:50 Сурет: Zakon.kz
Алматы гарнизонының әскери сотында қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Іс құпия, сот жабық өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

14 тамызда қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері әскери соттың жанына жиналды. Процесс жабық есік жағдайында өтіп жатыр, сот залына тіпті марқұм қыздың әкесін де кіргізбеді.

Мұны сот өкілдері істе мемлекеттік құпия болғандықтан, қыздың әкесі әлі рұқсат алмағанымен түсіндірді. Сондықтан процесс жабық, оның ішінде баспасөзге де рұқсат берілмеді.

Қыздың әкесі Айдос Мелдехан соттан марқұм қызының атына шақырту жібергені үшін кешірім сұрауды талап етіп отыр.

Алматы, қаңтар оқиғасығ Айкөркем Мелдехан, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 12:50

Сурет: Zakon.kz

Төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты сот процесі шілде айының соңында басталған. Қылмыстық істі қарау барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында. Ведомство бұдан бұрын іс материалдарында жария етуге жатпайтын құпия құжаттар бар екенін айтқан еді.

Төрт жасар Айкөркем мен 15 жастағы Жанель Мелдехан отырған көлікке 2022 жылдың 7 қаңтарында сағат 19:00-де Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында бірнеше рет оқ атылды. Айкөркем сол жерде көз жұмды, әпкесі оқтан жарақат алды. Іс бойынша сотталушы – әскери қызметкер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: