Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында жеңіл көлік бензин таситын көлікке соғылып, бір отбасы түгел қаза тапты

Ақмола облысы, жол-көлік апаты Сурет: Zakon.kz
Жол апатынан Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау – Рузаевка автожолында болған.

Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді.Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды.

Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз