Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы – Екатеринбург тас жолында жол апаты болып, үш адам қаза тапты

Қарағанды облысы, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 15:45 Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Қарағанды облысында жол апаты болып, салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысы, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 15:45

Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағанды облысы полицейлерінің мәлімдеуінше, 15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 км қашықтықта орналасқан Алматы – Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Ал Chevrolet көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Қарағанды облысы, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 15:45

Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция өкілдері бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: