Шымкентте бір адамнан Конго-Қырым безгегі анықталды

Шымкент, Конго-Қырым безгегі , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 21:49 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте ауруханаға жеткізілген 40 жастағы ер адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды. Қазығұрт ауданында мал баққан ер адамды кене шаққаны белгілі болды. Қызуы көтерілген одан қан кету және құсу белгілері байқалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып, "Хабар 24" науқаспен қарым-қатынаста болған 21 адам оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынғанын нақтылайды.

Қазір барлығының жағдайы қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді мамандар. Жалпы биыл шаһарда 608 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.


"Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер инфекционист мамандарымен Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасы расталған жағдай ауыр дәрежелі диагнозы қойылған. Қарым-қатынаста болған барлық отбасы мүшелері, қаралған медициналық мекемедегі қызметкерлер барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынды". Шымкент қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы Азамат Тасболтаев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: