Түркістанда қауіпті жұқпалы аурудан жасөспірім көз жұмды

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 22:45 Сурет: 24.kz
Түркістан облысында 9 адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды. Ал Сауран ауданында дәл осы дерттен 1 жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, науқас бастапқыда өзінің неден ауырғанын білмей, ауруханаға кеш жеткізілген. Нәтижесінде дәрігерлер баланы аман алып қалудың бар амалын жасағанымен оны құтқару мүмкін болмады.

Сонымен қатар аймақта 1000-ға тарта тұрғынды кене шағып, ауруханаға жүгінген.

Оның ішінде 48 азаматтан аталған ауру белгілері байқалып, сынама алынған. Аты жаман ауру бойынша күдікке ілінген азаматтар 14 күн бойы медициналық бақылауда болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: