Дағыстанда 15 тамыз қаралы күн деп жарияланды
Сурет: pixabay
Дағыстанда 15 тамызда Махачкаланың шетіндегі жанармай құю бекетіндегі жарылыс салдарынан адам шығыны болуына байланысты аза тұту күні жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 27 адам қаза тапты, оның үшеуі бала, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республика үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету бойынша қажет шаралар қабылдау тапсырылды.
14 тамызда Махачкаланың шетінде автокөліктерге қызмет көрсету орталығы өртеніп, өрт жанармай құю бекетіне өтіп, жарылыс болды.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі өрт аумағы 500 шаршы метр болғанын хабарлады, 600 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Оқиға салдарынан 27 адам қаза тапты, оның үшеуі бала. 102 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript