Алматы облысында ауыл тұрғындары наразы болып, жолды жауып тастады
Сурет: Zakon.kz
Кеше түнде Талғар ауданы Панфилов ауылында электр қуатының сөнуіне байланысты халық наразылық білдіріп, жергілікті тас жолды жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 тамыз күні кешкі уақытта Нұрлы саяжайында кооперативтің барлық аумағында электр жарығы сөнді. Наразы тұрғындар электр қуатының ақшасын ПҚСТ төрағасына тапсырғанымен, қарызы барын анықтады.
Кейіннен қаражат уақытылы төленбей, қызмет көрсетуші компания саяжайды түгел электр желісінен ажыратуға мәжбүр болғаны белгілі болды. Бұған ашуланған тұрғындар жолды жабуды ұйғарған. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда кептелістің 20 минутқа созылғаны айтылады.
Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев Zakon.kz-ке қазір тұрғындармен және "Энергосбыт" сервистік компаниясымен келіссөз болып жатқанын айтты.
"Ол жерде жеке трансформатор бар, ол саяжай қоғамының өкіліне тіркелген. Олардың 700 мыңнан теңгеден астам қарызы болған. Бірақ төраға кеше төлегеніне сендіріп отыр. Қазір барлық тараппен кездесу өткізіп, мәселені шешеміз. Келіссөздерден кейін саяжай аумағына түнде электр жарығы берілді", - деді ауыл әкімі Zakon.kz-ке.
Бұған дейін Талғар ауданындағы осы ауылдың тұрғындары төрт күн бойы сусыз қалған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript