Үшқоңыр медресе-колледжінде семинар-тренинг өтті
Шара барысында медресенің құрылу тарихы, жетістіктері баяндалған бейнеқойылым көрсетіліп, "Ұлттық құндылықтар: әйел және отбасы" тақырыбында дәріс тыңдалды, психологиялық тренинг жүргізіліп, "Білім-құндылық..." блиц-турнирі өткізілді. Белсене қатысқан азаматшаларға сыйлықтар тартылды.
Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
Шара барысында Үшқоңыр медресесенің ұстаздары колледждің құрылу, шығу тарихы, оқытушылық құрамы, жетістіктерін баяндап, бейне ролик көрсетті.
Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
Сонымен қатар ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша әйел-қыздар сектор меңгерушісі Жаналиева Назерке Акишқызы "Ұлттық құндылықтар: әйел және отбасы" тақырыбында дәріс оқыды.
Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
Орталықтың бөлім басшысы, психолог маманы А.Жазылбекова қатысушылармен аталған тақырыпта психологиялық жаттығу өткізді.
Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
"Білім-құндылық..." айдары барысында азаматшалар қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Белссенді қатысушыларға сыйлықтар таратылды.
Шараға жалпы 40 әйел қатысты (оның ішінде 28 ДДА, 2 Жусан, 10 еркін жамағат)