Жаңалықтар тізбегі
0

МАЭК-тегі энергия блоктарының бірін жөндеу уақытынан бұрын бітті

МАЭК-тегі энергия блоктарының бірін жөндеу уақытынан бұрын бітті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 11:13 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі
МАЭК-тегі энергия блоктарының бірінде жоспарланған жөндеу мерзімнен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс барысында қазандықтың оң жақ тұзды бөлігіндегі зақымдалған 5 экран құбыры ауыстырылды. Бұған дейін сол жақ тұзды бөлігінде 12 құбыр ауыстырылған еді.

"Барлық монтаждау аяқталғаннан кейін кәсіпорын қызметкерлері дәнекерленген құбыр металдарын бақылаудан өткізіп, гидравликалық сынақтар жүргізді. Қуат блогы 17 тамызда сағат 17:30-да енгізілген. МАЭК қызметкерлері апатты тез арада жою үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеді. Энергия блогын жөндеу жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды", - делінген хабарламада.

Қазір энергия блогының жұмысы сыналып жатыр. Залық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың көбі үшін “тиімді" электр қуатын өшіру режимі алынып тасталды. МАЭК мамандары барлық уәкілетті мемлекеттік органмен және коммуналдық қызметтермен тұрақты консультациялар жүргізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: