Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да ер адам көпірден секірмек болған

БҚО-да ер адам көпірден секірмек болған  , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 17:15 Сурет: Zakon.kz
20 тамыз күні сағат 21:30-да Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне белгісіз ер адамның Жайық өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінен өз-өзіне қол жұмсамақ болып, құлайын деп тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Осы уақытта жақын жерде қызметтік бабын өткеріп жүрген патрульдік полиция қызметкерлері Жігер Ахонов пен Қайрат Длимов оқиға орнына келіп, ер адамды аман алып қалуға қажетті шараларды жасаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері 1 сағаттан астам уақыт бойы ер адаммен сөйлесіп, кейін райынан қайтарып, қауіпті аймақтан шығарған.

Полицейлер ер адамды тыныштандырып, Орал қаласының ПБ-ға жеткізген. Анықталғандай, Теректі ауданының 29 жастағы тұрғыны мас күйде болған.

Ол өзінің мұндай іс-әрекетке бару себебін қызымен арасында болған жанжалдың кесірінен деп түсіндірген. Алайда полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында ер азамат аман қалған.

Тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Ер адам Орал қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: