Оралда саяжай өнімдерін өткізу мүмкіндігі кеңейді
Сурет: "AQJAIYQ" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы
Жақында "AQJAIYQ" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен бірлесіп, өңірдегі саяжай иелеріне өз тауарын көтерме бағамен өткізу мүмкіндігін ұсынды.
Атап айтқанда бау-бақшамен айналысатын кез келген тұрғын өз өнімін ешқандай алым-салықсыз, нарықтағы баға бойынша өткізе алады. Сонымен қатар бағбандар өнімін корпорацияның әлеуметтік дүңгіршектері арқылы халыққа қолайлы бағамен сата алады.
Сурет: "AQJAIYQ" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы
"Қаламызда жаңа жоба іске асырыла бастады. "Первый дачный" саяжай серіктестігінің мүшелері алғашқылардың бірі болып, 60 келі картоп, 40 келі пияз және 50 келі сәбіз тапсырды. Біз басқа да саяжай иелерінің ұсынысын қабылдауға дайынбыз. Көкөністерден тек әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміндегі картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат қабылданатынын еске сала кетейін. Жоба жалғаса береді", - деді "AQJAIYQ" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.
Сурет: "AQJAIYQ" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы
Бұл жоба өңір басшысының тапсырмасына сәйкес облысымыздың барлық саяжай иелерінің өнімдерін өткізу процесін оңтайландыру әрі халыққа сапалы өнімді тиімді бағада ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript