Қонаевтағы казиноға "жарылғыш қойылды" деген хабарлама тексеріліп жатыр
Сурет: pexels
Қонаев тұрғындары Бомбей ойынханасы ғимаратынан адамдардың белсенді түрде шығып жатқаны түсірілген видеоны бөлісіп жатыр. Аумақты полиция қызметкерлері қоршауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазбада казиноның айналасына арнайы қызмет көліктерінің көптеп жиналғаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратқа "жарылғыш зат қойылды" деген хабарлама түскен. Сондықтан адамдарды қауіпсіз қашыққа шығарған. Қоңырау шалған уақытта ғимарат ішінде келушілер мен қызмет көрсетушілер болған.
Казиноның айналасына көп адам жиналып, не болып жатқанын бақылап отыр.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы облысының полиция департаментіне жүгінді. Департамент әлі жауап бермеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript