Алматыда құтқарушылар түтін басқан подъезден мүгедек қарияны көтеріп алып шықты
Сурет: pixabay
25 тамызда сағат 17:04-те өрт сөндіру бөлімшелері Жетісу ауданындағы "Айнабұлақ-1" ықшам ауданында аттанды. Бес қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, өрт ас үйде 10 шаршы метр аумақта болған.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрт сағат 17:39-да сөндірілгенін жеткізді.
Құтқарушылар өртеніп жатқан пәтердің төменіндегі төртінші қабатта тұратын 57 жастағы мүмкіндігі шектеулі адамды көтеріп, сыртқа алып шықты. ТЖД қызметкерлері оны жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үйден 25 адам өз бетінше сыртқа шыққан, оның ішінде 7 бала бар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде". Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамды құтқару сәтінің видеосы тараған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript