Таиландта Қазақстан азаматының денесі табылды: ҚР СІМ түсініктеме берді
Сурет: ҚР СІМ
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралында Таиландта жоғалып кеткен Қазақстан азаматының денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Осыған қатысты ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"1 қыркүйекте консулға Пхукет аралында теңіз жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және ол Қазақстан азаматы болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат келіп түсті. Екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін тай құтқарушылары 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты". ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров
Сондай-ақ марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жеткені, ертең денені тану рәсіміне қатысатыны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript